Алматыда жол апатынан жаяу жүргінші мерт болды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда түнгі уақытта жеңіл көлік жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Алматыда жол апатынан жаяу жүргінші мерт болды
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, жол-көлік оқиғасы 9 ақпан сағат 22:05-те Жетісу ауданында болған. Сүйінбай даңғылымен оңтүстікке қарай келе жатқан Exit маркалы автокөлік жолдан өтпек болған жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

- Жол апатынан ер адам қаза болды. Жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлады Полиция департаментінен.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда жолаушылар автобусы ұрлағанын жазғанбыз. Сонымен қатар Алматы облысында мас ер адам автобусты айдап кетіп, жол апатына ұшырағаны туралы жазған едік.

Соңғы жаңалықтар