Алматыда жол бойында жайылып жүрген топоздардың видеосы желіге тарады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда көшеде жайылып жүрген топоздардың (як) иесі жауапқа тартылды.

Алматыда көшеде жайылып жүрген топоздардың (як) иесі жауапқа тартылды
Фото: instagram.com/ almatynews_kaz

Видео авторы енекелер (буйвол) Медеу ауданы Бутаковкадан жоғары жақта жайылып жүргенін айтты. 

Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасының мәліметіне сәйкес, 13 наурыз күні сағат 19:00 шамасында Керей-Жәнібек хандар даңғылында иесінің қарауынсыз, өз бетінше жайылып жүрген мал (үй топозы) видеоға түсіп қалған.

«Аталған факті бойынша мал иесі Н.Базарқұлов әкімшілік жауапқа тартылды. Полиция қызметкерлері онымен профилактикалық әңгіме өткізді», - делінеді қалалық Экология және қоршаған орта басқармасы берген жауапта.

Соңғы жаңалықтар