Алматыда жол ережесін 81 рет бұзған жүргізуші ұсталды

Алматыда Toyota көлігінің жүргізушісі 81 рет жол ережесін бұзып, бір млн астам айыппұл арқалады, деп хабарлайды Kazinform.

жүргізуші
Фото: қалалық ПД

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жол ережесін бұзған көлік Грузияда тіркелген. Жүргізушіге салынған айыппұлдың көлемі 1 миллион 29 мың 615 теңгені құрады.

«Бұл бұзушылықтар қаладағы бейнежүйе арқылы тіркелген. Жүргізуші 81 рет жол ережесін бұзған, көбіне жылдамдықты асырған. Оны «Қорғау – қауіпті жүргізуші» автоматтандырылған жүйесі арқылы анықтап, ұстадық», - деді Алматы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Ержан Ұзабаев. 

Полицейдің сөзінше, көлік арнайы айып тұрағына орналастырылды. 

Соңғы жаңалықтар