Алматыда жол құрылысы бойынша 754 млн теңгенің заңбұзушылықтары анықталды

Алматы
Фото: Александр Павский / Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматы қаласының прокуратурасы Бас прокуратурамен бірлесіп автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу кезіндегі мемлекеттік сатып алу және жол қозғалысы бойынша қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасына тексеру жүргізді.

Тексеру нәтижелері бойынша құрылыс және күрделі жөндеу кезінде пайдаланылатын автомобиль жолдарын орташа жөндеуге сметалық норманы және бағалауды негізсіз қолдану, сондай-ақ жеткізушілер асфальттың тығыздығына әсер еткен асфальтты толықтай салмағаны анықталды.

Анықталған заңбұзушылықтарды жою мақсатында Алматы қаласының Қалалық мобилділік басқармасына қадағалау актісі енгізілді, оны орындау үшін басқарма, жеткізушілерден бюджет қаражатын өтеу жөнінде талап-арыз жұмыстарымен қамтамасыз етті.

«Осылайша, осы жылдың сәуір айында Жоғарғы Соттың қаулысымен жеткізушілерден 754 млн теңге өндірілді», - деп хабарлады Алматы қаласының прокуратурасы. 

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда маңындағы тойда мылтық атқандар іздестіріліп жатқанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар