Алматыда жол жөндеген мердігерлерді полиция тексеріп жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда жол жөндеу жұмыстарын жүргізетін мердігер ұйымдардың жұмысы бақылауға алынған. 

Алматыда жол жөндеп жатқан мердігерлерді полиция тексеріп жатыр
Фото: Алматы ПД

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Бостандық ауданында әкімшілік полиция бөлімінің қызметкерлері жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан компаниялардың қызметтерін тексеріп жатыр. 

– Жол жөндеу жұмыстары барысында қауіпсіздік шараларын сақтамағаны үшін жыл басынан бері ауданда 23 мердігер компания әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлады депараменттен.

Еске салайық, бұған дейін Алматының Аманжолов көшесінде жол жабыны опырылып, 13 автокөлік зақымданды. 

Ал 17 қыркүйек күні Яссауи көшесінің Дастан көшесімен қиылысында жол жабыны опырылды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум