Алматыда жолаушылар автобусын ұрлап кетті

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы полициясы автобус ұрлығы бойынша қылмыстық іс қозғады.

автобус
Фото: Алматы әкімдігі

Әлеуметтік желіде түн ортасында қаланың Түрксіб ауданында жолаушылар автобусын айдап кеткені туралы видео тарап жатыр. 

Алматы қалалық Полиция департаментінен мәлім еткендей, ұрлық дерегі бойынша Түрксіб аудандық Полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.

– Күдікті «ізін суытпай» ұсталды. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр, - деп түсіндірді ведомстводан.

Осыған дейін Алматы облысында мас ер адам автобусты айдап кетіп, жол апатына ұшырағаны туралы жазған едік. 

Алматының Түрксіб ауданында қоймадан өрт шыққанын жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар