Алматыда жүк көлігі жардан құлап, жер үйді қиратты

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматының Медеу ауданында бетон таситын жүк көлігі жардан құлап, жеке үйге соғылды.  

ДТП
Фото: Kazinform

Қалалық полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, жол-көлік оқиғасы 13 қыркүйек 20:00 шамасында болған.

— Жүк көлігінің жүргізушісі Каменский үстіртіндегі Қайнар көшесімен келе жатып, көліктің өз бетінше қозғалуына жол бермеу шараларын қолданбаған. Соның салдарынан ауыр жүк көлігі оңтүстік бағытта өз бетінше кетіп қалып, үйдің қоршауына соғылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері апаттың мән-жайын анықтауға кірісті, — деп хабарлады қалалық ПД қызметі.

Еске салайық, кеше Алматы маңында автобустың көпірден көліктің үстіне құлағанын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар