Алматыда жүк көліктерін заңсыз тіркеген ХҚО-ның 5 қызметкері сотталды

АСТАНА. KAZINFORM — Арнайы прокурорлар Алматы қаласының Мамандандырылған ХҚО қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды қалалық прокуратураның баспасөз қызметі.

спецЦон
Фото: Kazinform

Тергеу нәтижесінде 2023 жылы Мамандандырылған ХҚО-ның 5 қызметкері 18 жүк көлігін жалған құжаттар бойынша заңсыз тіркеп, олардың нақты шығарылған жылын бұрмалағаны анықталды.

— Құқыққа қарсы әрекеттердің нәтижесінде көлік құралдарын бастапқы тіркегені үшін алым ретінде көзделген 164 млн теңге мемлекеттік бюджетке толық түспеді. Кешенді жүргізілген тергеу әрекеттері мен сот сараптамаларының нәтижесі айыпталушылардың құқыққа қарсы әрекеттерін толығымен растады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында мемлекетке келтірілген шығын толық көлемде өтелді. Соттың үкімімен сотталушылар кінәлі деп танылып, әртүрлі мерзімге бас бостандықтарынан айырылды, — делінген хабарламада.

Бұған дейін жүйеге жалған мәлімет енгізген елордалық ХҚО қызметкері сотталғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар