Алматыда жұмыспен қамту басқармасының бөлім басшысы сотталды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы сотталды. Бұл туралы Антикор мәлім етті. 

сотталды
Фото: pexels.com

— 20 мамырда Алматы қаласы Жетісу аудандық сотымен қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы А. Өсербаев сотталды. Ол «Suberpro-com» ЖШС өкілінің «Церебралдық сал ауруы» диагнозы қойылған балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша шарт жасасуға жәрдемдесу сылтауымен 3,6 млн теңге сомасында ақша қаражатын жымқыруға оқталғаны үшін кінәлі деп танылды, — делінген хабарламада.

Өсербаевқа мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, 27 млн теңге көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Сот актісі заңды күшіне енді.

Бұған дейін хабарланғандай, антикор Экология министрлігіне қарасты 8 қызметкердің жемқорлық бойынша сотталғанын мәлімдеген еді.

Соңғы жаңалықтар