Алматыда жүргізуші көршісін көлікпен әдейі қаққан

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда тұрғын үйдің ауласында жүргізуші көлігімен адамды қағып кетті. Куәгерлердің айтуынша, ол көршісін әдейі соққан.

Водитель «умышленно» сбил соседа в Алматы: возбуждено дело
Фото: видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желіде тараған видеодан жолдан өтіп бара жатқан ер адамды көлік келіп соққанын көруге болады. Жазба авторларының сөзінше, жүргізуші өз көршісін қасақана қаққан.

 

Алматы полиция департаментінің мәліметінше, оқиға бойынша Жетісу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғаған.

– Екі ер адамның арасында тұрмыстық жанжал болғаны анықталды. Қазір жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп мәлімдеді полицияның баспасөз қызметі.

Ведомство өкілдері кез келген дауды заң шеңберінде шешу керегін ескертті. Әрбір құқықбұзушылық үшін заңмен жауапкершілік қарастырылған.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда Жандосов пен Береговой көшелерінің қиылысында жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншіні қағып кеткенін хабарлаған едік.

Қазір бұл оқиғаның мән-жайын Әуезов аудандық полиция басқармасы анықтап жатыр.

Соңғы жаңалықтар