Алматыда зорлау дерегі бойынша 29 жастағы күдікті ұсталды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда түнгі мекеме қызметкерін зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды.

қылмыс, ұсталды
Фото: Видеодан алынған кадр

Алматы қаласының полиция департаменті әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізіп, өзін Елисей деп таныстырған тұлғаның бейнежазбасына мән берген. Ол бейнероликте қаладағы түнгі мекемелердің бірінде зорлау дерегі болғандығы туралы хабарлаған.

- Аталған дерек бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жәбірленушінің жеке басы анықталып, ол полицияға ресми түрде арызданды.

Күдікті ретінде 29 жастағы азамат – аталған мекеменің басшысы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тергеу барысында күдіктінің әрекетіне құқықтық баға беріледі, оның ішінде мәлімделген жағдайлар ескерілетін болады, - деп хабарлады полициядан.

Тергеу барысы Алматы қаласы полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Еске салайық, бұған дейін Ақнәр Гүлстан өліміне қатысты тергеу барысы департамент басшылығының ерекше бақылауында екені хабарланды.

Соңғы жаңалықтар