Алматыдағы «Алғабас» шағын ауданында екі мектеп салынады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында екі сектеп салынады. 

Алматыдағы «Алғабас» шағын ауданында екі мектеп салынады
Фото: Алматы әкімдігі

«Алғабас» шағын ауданында салынатын 2 мың және 1,2 мың орындық екі мектептің құрылысына 5 млрд теңге бөлінген. Қаржыландыру Қазақстандағы оқушы орындарының тапшылығын және үш ауысымды оқытуды жоюға бағытталған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы және қалалық әкімдік жанындағы жобалық кеңсесінің қолдауымен іске асырылып жатқан «Almaty Business – 2025» өңірлік кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында жүзеге асырылады.

– Мектептер STEM-зертханаларымен, робототехника, физика, химия, биология кабинеттерімен, интеллектуммен, компьютерлік сыныптармен, акт залымен, медиатекамен, коворкингпен, шеберханалармен, сондай-ақ ашық ойын және спорт алаңдарымен жабдықталады, - деп хабарлады әкімдіктен. 

Сонымен қатар мектептер жас ерекшелігіне қарай бастауыш, негізгі және орта блоктарға бөлініп, әрқайсысында жеке асхана мен спорт зал қарастырылады. 

Мектептерді ашу 2026 жылғы қаңтарға жоспарланған. 

Еске салайық, бұған дейін Алматыда жаңа мектептің жолы үшін 11 жер телімі мәжбүрлі түрде алынатынын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар