Алматыдағы автобус апаты: қоғамдық көлік камерасы түсірген бейнежазба желіде тарады 

Жол апаты
Фото: Алма Мұқанова

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыдағы апатқа ұшыраған автобустың камерасы түсіріп алған бейнежазба әлеуметтік желідегі парақшаларға жарияланды.  

Оқиға Mega park ойын-сауық орталығының жанында, Мақатаев және Масаншы көшелерінің қиылысында болды. Қоғамдық көлік камерасы түсірген бейнежазбадан Мақатаев көшесінің бойымен келе жатқан автобусқа жеңіл көліктің соғылғанын көруге болады. 

Еске салайық, Алматыда 18-ші бағыттағы автобус апатқа ұшырап, бір адам қаза тапты. 

Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасы автобустың ішінде болған жолаушылардың 25-і зардап шеккенін мәлімдеді. 

Соңғы жаңалықтар