Алматыдағы автобус апаты: зардап шеккендердің барлығы ауруханадан шықты
Алматыда автобус апаты салдарынан зардап шеккен үш адам ауруханадан шығарылды. Олар өткен жылдың 22 желтоқсанынан бастап стационарда болған және барлық қажетті емдеу курсынан өтті, деп хабарлайды Kazinform.
Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлағандай, зардап шеккен үш адамның барлығы Алматы қалалық №7 клиникалық ауруханасында ем алған. Ең соңғы шығарылған 50 жастағы әйел ауруханада 13 күн жатты, оның ішінде бірнеше күн реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде болды. Ол клиникаға ауыр қосарлас жарақат, бірнеше сынық және травматикалық шокпен түскен.
«Науқасқа келесідей операция жасалды: сол жақта ацетабулярлы тірек пен бұрандалары бар реконструкциялық пластинамен тік шұңқыр ойдымын орнына салу. Хирургиялық араласу сәтті жасалды. Операциядан кейінгі кезең асқынусыз өтті. Оңалту кезеңі ерте жүргізілді, операциядан кейін 7-ші тәулікке науқас емдік-еңбек ұсынымдарымен үйіне шығарылды», - деді Алматы қаласының №7 ҚКА директоры Манас Рамазанов.
Бұған дейін №7 ҚКА-ның нейрохирургиялық бөлімшесінде ем алған екі зардап шегуші үйіне шығарылған. Олар 1987 жылы туған жол апатына ұшыраған автобустың жүргізген әйел мен 1968 жылы туған ер адам. Барлық зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетілді.
Естеріңізге салсақ, өткен жылдың желтоқсан айында Алматыда автобус бір топ адамды қаққан еді. Полицияның мәліметінше, №47-ші бағыттағы қоғамдық көліктің ішіндегі жолаушы жанжал шығарып, жүргізуші әйелді ұрған. Салдарынан ол есінен танып, көлікті басқара алмай қалған.
Алматылық дәрігерлер бүгін аялдамада болған апаттан зардап шеккен адамдардың жағдайын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Апат салдарынан 7 адам зардап шекті. Жедел медициналық қызмет келгенше үшеуі қайтыс болды. Тағы үш адам түрлі жарақаттармен Алматы қалалық №7 клиникалық ауруханаға жатқызылды.
Автобус жүргізушісін ұрған жолаушыға қатысты қылмыстық іс қозғалды. https://kaz.inform.kz/news/almatida-avtobus-zhurgzushsn-urgan-zholaushiga-katisti-kilmistik-s-kozgaldi-18b124/
Кейін ол күдікті ұсталып, екі айға қамауға алынды.
Автобус апатының салдарынан қаза тапқан үш адамның екеуі ерлі-зайыпты ұстаздар болған. Олар Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Көксай ауылындағы М.Мәметова атындағы орта мектепте жұмыс істеген.