22:14, 04 Тамыз 2025 | GMT +5
Алматыдағы балалар үйінен кетіп қалған қыздар аман-есен табылды
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Полиция қызметкерлері мекемеден өз бетімен кеткен балаларды тапты.

Алматы қаласы поллиция департаментінің мәліметінше, «Бағанашылдағы» балалар үйінен кетіп қалған 14 және 16 жастағы тәрбиеленушілерді криминалдық полиция қызметкерлері тапқан.
— Жедел-іздестіру шаралары барысында қыздар Алматы облысы аумағында анықталды. Қазіргі уақытта екеуі де жағдайдың барлық мән-жайын анықтау үшін Бостандық аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету — полиция жұмысының басты бағыттарының бірі болып қала береді, — деп хабарлады департаменттен.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда балалар үйінен кетіп қалған екі қыз іздестіріліп жатқанын жазғанбыз.