Алматыдағы «Байсат» базарын сатып алуға ешкім ниет білдірмеді

АЛМАТЫ. KAZINFORM – E-Qazyna порталында «Байсат» көтерме-бөлшек сауда орталығының саудасы өтпеді.

л
Фото: e-auction.e-qazyna.kz

Аукцион бүгін сағат 10:00-де өтуі керек болған. Алайда сауда-саттық басталған сәтте сату нысаны бойынша тіркелген қатысушылар жоқ болғандықтан, аукцион тоқтады. Базардың бастапқы бағасы – 28 639 882 000,00 теңге болды.

Бұған дейін базарды «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» сатылымға шығарғанын жазғанбыз.

Еске салайық, 2024 жылдың қаңтарында Қайрат Сатыбалдының ұлына тиесілі «Байсат» базарының бір бөлігі мемлекетке қайтарылды. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Алматы жылу» холдинг кешенінің (қазіргі «Байсат» базары) мүлкімен жасалған барлық мәмілені жарамсыз деп тану туралы шешім шығарды.

Оған дейін сотқа дейінгі тергеу аясында Қайрат Сатыбалды «Байсат» базарының басым бөлігін өз еркімен қайтарып берген болатын.

 

Соңғы жаңалықтар