Алматыдағы ботаникалық бақ 26 тамызда жабылады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыдағы Бас ботаникалық бақ жұмыс кестесіне өзгеріс енгізді. 2025 жылғы 26 тамыз – санитарлық күн деп белгіленді.
Мамандардың айтуынша, айдың бірінші дүйсенбі күні – 1 қыркүйек демалыс болғандықтан, санитарлық күн 26 тамызға ауыстырылды.
– Сейсенбі, 26 тамызда Ботаникалық бақ келушілер үшін жабық болады, - деп хабарлады бақтың баспасөз қызметі.
Ал басқа күндері жұмыс кестесі өзгермейді.
– Ботаникалық бақ күн сайын 09:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Кассадағы техникалық үзіліс: 15:00-15:30, - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы Бас ботаникалық бақта аққуға қатыгездік көрсеткен азамат 7 күнге қамалғанын жазғанбыз.
/