Алматыдағы ботаникалық бақта бірқатар аурудың алдын алуға көмектесетін жеміс өседі
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматының ботаникалық бағында «алтын алма» атанған жеміс өседі. Кумкваттың емдік қасиеттері туралы ежелгі Қытай шежірелерінде жазылған.

Ботаникалық бақтың мәліметінше, бұл ерекше жемістің бірнеше атауы бар: кумкват, кинкан, фортунелла, алтын апельсин, алтын алма.
Дәрілік кумкват – диаметрі 2-2,5 см. Миниатюралық сопақ апельсиндерге ұқсайды. Дәмі мандаринге келеді. Оны қабығымен жеуге болады.
– Жапонияда өсімдікті «кинкан» деп атайды. Аудармада «алтын апельсин» деген мағынаны білдіреді. Қытайлар оны «кумкват» деп атайды. Аудармада «алтын алма» деп аталады, - делінген хабарламада.
Кумкваттың отаны – Қытайдың оңтүстік-шығыс бөлігі. Ол туралы алғашқы ақпарат ХІІ ғасырда ежелгі Қытай шежірелерінде жазылған. Кумкват шикі де, өңделген түрінде де қолданылады (кәмпиттер, джем, мармелад, ликерлер).
– Қытайдың дәстүрлі емшілері кумкватты даналық жемісі деп атаған. Өйткені өсімдіктің жемістері мидың белсенділігін арттырып, ойлау процесін дамытады. Кумкваттын пайдалы қасиеттері мұнымен аяқталмайды. Азия елдерінің тұрғындары оттың қасына кумкваттың қабығын қойып, түтінін деммен жұтады. Бұл жөтел мен суық тиюді емдейді. Бұдан бөлек, асқазан-ішек жолдарының жұмысын жақсартып, қандағы холестеринді төмендетеді және күйзелісті жеңуге көмектеседі, - деп атап өтті ботаникалық бақ мамандары.
Осыған дейін Алматының ботаникалық бағында миды тыныштандыруға көмектесетін шүйгіншөп гүлі туралы жазған едік.