Алматыдағы BRT құрылысы: кей учаскелерде қозғалыс ішінара шектелуі мүмкін

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыдағы Райымбек батыр даңғылында жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Алматыда LRT, BRT және метро
Фото: newauto.kz

Әкімдіктің мәліметінше, қазір жұмыстар мына учаскелерді қамтиды:

  • Райымбек, 348/1 — 451А (Әуезов ауданы). «Aspara» және «Zeinet» бизнес орталығы маңында тұрақ асфальтын қырып, плитка төсеу жұмыстары жүргізіледі.
  • Розыбақиев көшесіндегі көпірден Брюсов көшесіне дейін (аллея бойымен) және Крылов көшесінен Брюсов көшесіне дейін (солтүстік жағы).Тротуар негізін дайындау және кеспе тас төсеу;
  • Розыбакиев көпірінен Тұрғыт Озал көшесіне дейін / Брусиловскийден Тлендиевке дейін (оңтүстік жағы) Жиектас және көгалдандыру жұмыстары;
  • Байзақов көшесінен Галилей көшесіне дейін / Райымбек, 206/2–206. Жиектас, арық орнату және кеспе тас төсеу;
  • Райымбек, 172 — Райымбек, 176 (оңтүстік жағы).Тротуар жиектасы мен плитка төсеу жұмыстары;
  • Райымбек пен Сейфуллин көшелерінің қиылысы (Abdi мен ZETA аралығы).Арықтарды, тротуарларды және жиектастарды жөндеу;
  • Панфиловтан Абылай ханға дейін және Чайковскийден Желтоқсан даңғылына дейін (оңтүстік жағы). Асфальт қабатын қыру, жиектастарды алып тастау, автобус жолағын дайындау.
    Аталған учаскелерде қозғалыс ішінара шектелуі мүмкін, сондықтан қала тұрғындары мен қонақтарына бағытты алдын ала жоспарлау ұсынылды.

Осыған дейін BRT құрылысы кезінде бүлінген жиектер ғана ауыстырылатыны туралы жазғанбыз

Еске салайық, Райымбек даңғылында BRT құрылысы сәуір айында басталған болатын.

BRT желісінің жалпы ұзындығы — 17 шақырым. Оның 9 шақырымын Пушкин мен Ахрименко көшелерінің аралығында салу жоспарланған. Жоба аясында автобустарға арнайы жолақтар салынып, жаңа аялдама кешендері орнатылады

Соңғы жаңалықтар