Алматыдағы BRT құрылысы: Желтоқсан көшесінің бір бөлігі жабылады
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыдағы Желтоқсан көшесіндегі жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

— 3 шілде күні сағат 08:00-ден 22:00-ге Гоголь көшесінен Райымбек батыр даңғылына дейінгі жолда көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады. Бұл аумақты Наурызбай батыр көшесі мен Абылай хан даңғылы арқылы айналып өтуге болады. Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі жазылған тақта қойылады,— деп хабарлады әкімдіктен.

Осыған дейін BRT құрылысы кезінде бүлінген жиектер ғана ауыстырылатыны туралы жазғанбыз.
Еске салайық, Райымбек даңғылында BRT құрылысы сәуір айында басталған болатын.
BRT желісінің жалпы ұзындығы — 17 шақырым. Оның 9 шақырымын Пушкин мен Ахрименко көшелерінің аралығында салу жоспарланған. Жоба аясында автобустарға арнайы жолақтар салынып, жаңа аялдама кешендері орнатылады.