Алматыдағы Car City автобөлшектер базарын тексеру кезінде 39 адам ұсталды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда полицейлер Әуезов ауданындағы Car City автобөлшектер базарында үлкен рейд жүргізді, деп хабарлайды Kazinform.

крупный рейд на рынке автозапчастей Car City в Алматы
Фото: Алматы ПД

Рейд барысында реттелмеген сауда, азаматтардың мазасын алу, жұмыс орындарында және техникалық қызмет көрсету стансалары аумағында темекі шегу, рұқсат етілмеген орындарда қоқыс пен автобөлшектерді сақтау фактілері анықталды. Сондай-ақ алкогольді ішімдіктерді ішу, ұсақ бұзақылық фактілерінің жолы кесілді. 

38 адам жауапкершілікке тартылды. Полиция бөліміне 39 адам жеткізілді, оның ішінде төрт шетел азаматы, сондай-ақ ата-анасының рұқсатынсыз жұмыс істеген кәмелетке толмағандар бар. 

Рұқсат етілмеген жерде көлік тоқтатқан 27 жүргізуші жауапкершілікке тартылды, 9 көлік арнайы тұраққа кіргізілді.

Қалалық полиция департаменті қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін адам көп шоғырланатын орындарда мұндай рейдтер тұрақты түрде жүргізілетінін атап өтті. 

Бұған дейін Алматыдағы «барахолка» бойындағы жабайы саудаға бақылау күшейтілетінін жазған болатынбыз

Соңғы жаңалықтар