Алматыдағы Car City-де полицейлердің рейдінен кейінгі ахуал қандай

АСТАНА. KAZINFORM — Жуырда Алматы полициясы Car City автокөлік бөлшектері базарында ауқымды рейд жүргізіп, ондаған заң бұзуды анықтап, бірнеше адамды ұстады. Kazinform агенттігінің тілшісі базар аумағын аралап, ондағы қазіргі ахуалды көріп қайтты.

Car City
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Полиция департаментінің мәліметінше, инспекторлар бейберекет сауда, клиенттерге маза бермей, жұмыс орындарында және автосервис аумағында шылым шегу, сондай-ақ қоқыс пен автокөлік бөлшектерін рұқсат етілмеген жерлерде сақтау фактілерін тіркеген. Сонымен қатар алкоголь ішу және ұсақ бұзақылық әрекеттердің жолы кесілді.

Car City
Фото: Александр Павский/ Kazinform
Car City
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Барлығы 38 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция бөлімшесіне 39 адам жеткізілді, олардың арасында төртеуі — шетел азаматы, сондай-ақ ата-анасының рұқсатынсыз жұмыс істеген бірнеше кәмелетке толмағандар бар. Бұдан бөлек, көлікті рұқсат етілмеген жерде тоқтатқан 27 жүргізуші жазаланды, 9 автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

Car City
Фото: Александр Павский/ Kazinform
Car City
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Тұрғындардың айтуынша, рейд кезінде негізінен шағын кәсіпорындар — автосервистер мен жол жиегінде сауда жасайтындар айыппұл арқалаған.

Қазір Car City маңында бәрі тыныш. Полиция көліктері жоқ, сатып алушылар мен автокөліктер легі толастаған жоқ, базарда әдеттегі қарбалас өмір жалғасып жатыр.

Төле би көшесі жағынан аумақ жол белгілерімен қоршалған — мұнда магистральды қаланың шекарасына дейін ұзарту жұмыстары жүріп жатыр.

Car City
Фото: Александр Павский/ Kazinform
Car City
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Полиция департаменті мұндай рейдтер адамдар көп жиналатын жерлерде тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау үшін тұрақты түрде өткізілетінін атап өтті.

Car City
Фото: Александр Павский/ Kazinform
Car City
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Бұған дейін Алматының Ақсай ықшамауданының тұрғындары сол кездегі қала әкіміне Car City автокөлік бөлшектері базарын қала сыртына көшіру туралы өтініш жасаған. Олар тұрақ орындарының және серуен аймақтарының жоқтығына наразылық білдірген еді.

Car City
Фото: Александр Павский/ Kazinform
Car City
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Айта кетелік Алматыдағы Car City автобөлшектер базарын тексеру кезінде 39 адам ұсталған еді

Соңғы жаңалықтар