Алматыдағы City Run кезінде ауа сапасы тексерілді: нәтижесі қандай

АСТАНА. KAZINFORM — 15 қарашада Eco Almaty жылжымалы зертханасы Алматының орталығында өткен City Run жүгіру жарысы кезінде ауа сапасын тексерді. Іс-шараға 25 елден 2 500 қатысушы жиналды.

Алматыдағы City Run кезінде ауа сапасы тексерілді: нәтижесі қандай
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, ауа сапасына өлшеу жұмыстары жарыс басталғанға дейін, жарыс барысында және одан кейін жүргізілді.

— Тексерілген барлық көрсеткіш, соның ішінде көміртек тотығы (CO), азот диоксиді (NO₂), шаң, күйе және озон мөлшері шекті рұқсат етілген нормадан аспады, — делінген хабарламада.

Алматыдағы City Run кезінде ауа сапасы тексерілді: нәтижесі қандай
Фото: Алматы әкімдігі

Жарыс бағыты 28 сәуірден бастап жұмыс істеп тұрған шығарындылар деңгейі төмен пилоттық аймақ (LEZ) арқылы өтті. Бұл аймақтың 2027 жылдан бастап тұрақты жұмыс істеуі туралы шешім пилоттық жобаның қорытындысы бойынша қабылданады.

Алматыдағы City Run кезінде ауа сапасы тексерілді: нәтижесі қандай
Фото: Алматы әкімдігі

Жарыс кезінде 10 шақырымдық бағыттағы көшелерде автокөлік қозғалысы уақытша шектелді. Сонымен қатар, «Бірінші болу – батылдық» қоры экологиялық бастамаларды да дамытып келеді. 2026 жылы жарыс барысында жиналған 2,5 тоннадан астам қалдық қайта өңдеуге жіберіліп, қайта пайдалануға арналған 4,4 тонна киім жиналды.

Осыған дейін бүгін елдің орталық аумағындағы қалаларда ауа сапасы нашарлайтынын жазғанбыз.