Алматыдағы екі қабатты ғимаратта құрылыс материалдары өртеніп жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматының Түрксіб ауданында өрт сөндірушілер мен құтқарушылар өрт қаупі бойынша жұмыс істеп жатыр.

Алматыдағы екі қабатты ғимаратта құрылыс материалдары өртеніп жатыр
Фото: видеодан алынды

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгін сағат 10:54-те ТЖД күштері мен құралдары Түрксіб ауданы, Демьян Бедного көшесі, 5а мекенжайына жіберілген. Құтқарушылар 11:02-де келгеннен кейін екі қабатты ғимаратта құрылыс материалдары жанып жатқанын анықтаған.

- Өрттің өзге нысандарға таралу қаупі туындады. Көрші құрылыстарды қорғауға және тілсіз жауды жоюға өрт оқпандары енгізілді. Өрттің таралуын тоқтату үшін тиісті шаралары қабылданып жатыр, - деп хабарлады департаменттен.

Өрт 11:45-те оқшауланды.

Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы қонақүйлердің бірінен өрт шыққанын жазғанбыз.

 

Соңғы жаңалықтар