Алматыдағы Көктөбе телемұнарасына найзағай түсті

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Көктөбеде телемұнараны найғай соқты.

телемұнара
Фото: Википедия

Оның видеосы әлеуметтік желіде пайда болды. Найзағайдың соққан сәтін жергілікті фотограф Александр Шаварев түсіріп алған.

Синоптиктердің болжауынша, мегаполисте нөсер жауын үш күн тоқтаусыз жауады.

Бұған дейін Алматының коммуналдық қызметі жауын-шашын кезінде 52 жедел мобильді бригада кезекшілікке шығатынын айтқан болатын.

«Күндіз жауын-шашын кезінде барлығы 465 бірлік арнайы техника, 28 мотопомпа және 810 жұмысшы, ал түнгі уақытта 236 бірлік арнайы техника және 215 жұмысшы жұмылдырылады»,-делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар