03:27, 20 Мамыр 2025 | GMT +5
Алматыдағы көшелердің бірі жаз бойына жабылады
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда Ғабдуллин, Хамит Ерғали жағалауы, Бұқар жырау желекжолы және Байтұрсынов көшелерінің аралығында құбыржолды жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр.

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС мәліметіне сәйкес, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 20 мамырдан бастап 1 тамызға дейін Римский-Корсаков көшесінде және Ғабдуллин көшесінің бір бөлігінде автокөліктер қозғалысы жабылады.
Жалпы ұзақтығы 2,7 км болатын жылу трассасы 220-дан астам қала объектілерін жылумен қамтамасыз етіп отыр. Жазғы кезеңде Бостандық ауданының тұрғындарына ыстық су беру уақытша құбыржол арқылы қамтамасыз етіледі.

Еске салайық, Алмалы және Бостандық аудандарында 20 мамыр күні су уақытша өшіріледі.