Алматыдағы крематорий қашан ресми іске қосылады

АСТАНА. KAZINFORM – Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметі Алматыдағы крематорий қашан ресми түрде іске қосылатынын мәлім етті.

Алматыдағы крематорий жақын уақытта іске қосылуы мүмкін
Фото: er-ai-construction.kz

- Крематорий жұмыс істеуін бастайтын ресми күн барлық нормативтік рәсім аяқталғаннан кейін жарияланады, - деп жазады ЖАП мамандары.

Ресми ақпаратта Алматы әкімдігі 2021 жылы салынған крематориді Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасы бойынша өзіне бағынысты бейінді ұйымының балансына бергені айтылған.

- Объект бұдан бұрын жүргізілген мемлекеттік аудит негізінде берілді. Аудит қорытындысы бойынша Алматы әкіміне баланс ұстаушыны белгілеу тапсырылған болатын, - деп жазылған ресми мәліметте.

ЖАП мамандарының әкімдікке бағынысы бейінді ұйым деп отырғаны – «Қалалық патологиялық-анатомиялық бюро» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны. Осыған дейін крематорий қалалық құрылыс басқармасының балансында болған

Соңғы жаңалықтар