Алматыдағы мектеп асханасында санитарлық нормалар сақталмаған - директор жазаланды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда ата-аналар №65 мектеп-гимназиясының асханасындағы лас жағдайға шағымданды.

мектеп
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Әлеуметтік желіде асхананың қазіргі жағдайы көрсетілген бейнежазда жарияланды. Ролик авторының айтуынша, тамақ таратуға арналған лифт нағыз қоқыс жинайтын орынға айналған. Оның астында қоқыс пен көгерген ыдыстар жатыр.


Наразылық білдірген ата-аналар Бостандық ауданының прокуратурасына және санитариялық қызметке осы мектепті тамақпен қамтамасыз ететін жеке кәсіпкердің жұмысын тексеруді сұрады

Алматы қаласы Білім басқармасы бұл жағдай бойынша жауап берді. Онда №65 мектеп-гимназиясының директорына мектепішілік бақылаудың болмағаны үшін ҚР Еңбек кодексіне сәйкес тәртіптік жаза қолданылғаны хабарланды.

— Бұл дерек аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің назарына алынды, ыстық тамақпен қамтамасыз ететін кәсіпкерге қатысты тиісті шаралар қабылданады, — деп мәлімдеді басқармадан.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда 127 мың оқушы тегін тамақпен қамтылатынын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар