Алматыдағы Оқушылар сарайының обсерваториясында қандай жобалар жүзеге асып жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда 20 жылға жуық үзілістен кейін Оқушылар сарайында обсерватория жұмысын бастады. Жаңа, жоғары технологиялық обсерваторияда зерттеушілер мен астрономия әуесқойларына ғарыш құпияларын теңдесі жоқ дәлдікпен және егжей-тегжейлі зерттеуге мүмкіндік беретін төрт заманауи телескоптармен жабдықталған. 

Алматыдағы Оқушылар сарайының обсерваториясында қандай жобалар жүзеге асып жатыр
Фото: Алма Мұқанова

Ғылыми-техникалық бөлім обсерваториясының меңгерушісі Ақсұңқар Мұхамедиярұлының айтуынша, төрт телескоптың үшеуі – жұлдыздардың, планеталардың және галактикалардың анық және жарқын кескіндерін қамтамасыз ететін түнгі бақылауларға арналған.

Төртінші, Coronado хромосфералық телескопы, күндізгі уақытта күнді бақылау үшін арнайы әзірленген, күн белсенділігі мен оның жерге тигізетін әсерін зерттеуге бірегей мүмкіндіктер береді. 

«Телескоптардың әрқайсысының керемет сурет сапасы бар, ол терең ғарыш кеңістігі болсын немесе жұлдыздар болсын, объектілердің ең кішкентай бөлшектерін нақты көрсетете алады. Жоғары ажыратымдылық қабілеттілігі мен озық оптикалық технологиялар зерттеушілерге дәл деректер мен көптеген жай аспаптарда жоқ таңғажайып визуалды әсерлер береді», - дейді ол. 

Алматыдағы Оқушылар сарайының обсерваториясында қандай жобалар жүзеге асып жатыр
Фото: Алма Мұқанова

Обсерватория жас алматылықтар үшін зерттеулер жүргізетін, планеталар мен галактикаларды іздейтін, ғарыш саласындағы жаңа жаңалықтар ашатын орынға айналды. 

Мәселен, 7 сынып оқушы Әбілқайыр Чапаев күнің жерге қаншалықты зиян келтіретін зерттеп көрді. Нәтижиесінде бірегей жоба ойлап тапты. 

«Мен күн сәулесі де жер сілкінісін тудыратынын анықтадым. Зерттеулерім көрсеткендей, тиктоникалық жарықтарға күн сәулесі тікелей түскен кезде жер тербеледі. Бұл жобаны Мемлекет басшысы алдында да қорғадық. Мен осы жердегі жетекшілерімен бірге арқы қарай зерттейтін боламын», - дейді Әбілқайыр Чапаев.

Алматыдағы Оқушылар сарайының обсерваториясында қандай жобалар жүзеге асып жатыр
Фото: Алма Мұқанова

Ғылыми-техникалық бөлімнің тағы білім алушысы Шолпан Аманкелді наноспутник ойлап тапты. Жоба – «Venus-SAT.kz» деп аталады. Оның негізгі міндеті – жердің стратосфералық қабаттарының жай-күйі және жерге жақын ғарыштық кеңістіктегі астрономиялық қозғалыстар туралы өзекті ақпаратты жинау. 

«Наноспутник ауада шамамен 10,5 сағат болды, оның барысында ол бұрынғы Семей полигоны аймағындағы экожүйені сақтау және қалпына келтіру үшін ақпарат жинады. Болашақта наноспутниктік модельді жетілдіру және оның негізінде заманауи экономиканың әртүрлі салаларына арналған деректерді жинау, сақтау және визуализациялау үшін көп функционалды хаб құру міндеті тұр», - дейді жоба авторы. 

Алматыдағы Оқушылар сарайының обсерваториясында қандай жобалар жүзеге асып жатыр
Фото: Алма Мұқанова

Қазір мұнда 50-60 бала келеді. Олар жоба дайындап, соны қорғап, білімдерін жетілдіреді. 

Оқушылар сарайының обсерваториясы 1983 жылы ашылған. Обсерватория сарай ғимаратының композициялық дизайнына үйлесімді түрде тоғысқан – галактика спиралы іспеттес. 

Обсерваторияны жаңғырту – Алматы әкімдігінің бастамасымен және қолдауымен жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік жоба. 

Еске салайық, 2022 жылы Мемлекет басшысы жұмыс сапарының бағдарламасына сәйкес Алматы қаласындағы маңызды архитектуралық ескерткіштердің бірі – Оқушылар сарайын аралап көрген болатын. 

Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Оқушылар сарайына сыйлық ретінде жаңа автобус табыс етті.

Соңғы жаңалықтар