Алматыдағы өрт: зардап шеккен екі адам жансақтау бөлімінде жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыдағы екі қабатты ғимаратта шыққан тілсіз жаудан 2 адам зардап шекті.

Алматыдағы өрт: зардап шеккен екі адам жан сақтау бөлімінде жатыр
Фото: Артем Викторов/Kazinform

Түрксіб ауданында болған өрт салдарынан күйік шалған 63 және 67 жастағы екі ер адамды жедел жәрдем бригадалары №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізген.

- Науқастар жан-жақты тексеріліп, комбустиолог, травматолог, реаниматолог мамандармен қаралды. Жағдайлары ауыр деп бағаланады. Науқастар жан сақтау бөліміне жатқызылды. Олар ҚР ДСМ дигностика және емдеу хаттамаға сәйкес толық көлемде ем алып жатыр, - деп хабарлады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан.

Бұған дейін Алматыдағы екі қабатты ғимаратта құрылыс материалдары өртенгенін жазғанбыз. 

12:25-те 200 шаршы метр аумаққа тараған от толық сөндірілді.

Соңғы жаңалықтар