Алматыдағы ойын-сауық орталықтарының бірінен адамдар эвакуацияланды
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Сауда орталығына жарылғыш зат қойылғаны туралы жасырын хабарлама түскен.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, ақпарат түскеннен кейін қаланың барлық жедел-қызметтік бөлімшелерінің жұмысы шұғыл түрде ұйымдастырылған. Сондай-ақ азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тұрғындар мен қызметкерлер эвакуацияланған. Қазір ғимаратқа арнайы мамандар тарапынан комиссиялық тексеру жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша жарылғыш құрылғылар анықталған жоқ. Қазіргі уақытта нысандарда қалыпты жұмыс режимі қайта қалпына келтірілді.
– Полиция қызметкерлері жалған хабарлама жасаған тұлғаны анықтауға кірісті. Ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады. Полиция тұрғындардан қалыптасқан жағдайға түсіністікпен қарап, құқық қорғау органдары мен шұғыл қызмет қызметкерлерінің талаптарын қатаң сақтауды, сондай-ақ жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатындағы барлық нұсқауды орындауды сұрайды, - деп хабарлады департаменттен.
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде жарылғыш зат туралы жалған хабар берген жасөспірім ұсталды.