Алматыдағы өзен-көлдерде су деңгейі көтеріледі

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда өзендегі су деңгейі көтерілуі мүмкін.

Алматыдағы өзен-көлдерде су деңгейі көтеріледі
Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

— Алматының таулы аймақтарында жауын-шашынға байланысты 11 мамыр күні өзендердегі су деңгейінің көтеріліп, кейбір аумақтарда су тасуы мүмкін, — деп хабарлады Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінен. 

Сондай-ақ 12 мамыр түнінде найзағай ойнап, нөсер жауын болады.

— Қала тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздік шараларын сақтап, тау бөктерлері мен өзен арналарына жақындамауға шақырамыз, — деп атап өтті ведомстводан.

Осыған дейін «Қазгидромет» РМК ел аумағында күн күркіреп, бұршақ жауып, жел күшейіп, солтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда жаңбыр жауатыны туралы ескерткен

Алдағы аптада Алматы облысында аптап ыстық болады. Осыған байланысты облыстық төтенше жағдайлар департаменті өңір тұрғындарына үндеу жолдады

Соңғы жаңалықтар