Алматыда саябақтағы аттракционнан құлаған қыз мерт болды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда қыз айналмалы шеңберден құлап мерт болды.

Алматы, парк, аттракционы, дети, саябақ, балалар
Фото: Александр Павский / Kazinform

Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап жатыр.

Қайғылы жағдай 24 маусым күні Алматының орталық саябағында болған.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеендей, қыз жедел - жәрдем келгенге дейін қайтыс болып кеткен.

Полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті.

«Өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жағдайдың себебі мен мән-жайы анықталып жатыр»,- деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар