Алматыдағы Сайран көлі қысқы маусымға дайындалып жатыр: суы тартылған көлдің қазіргі көрінісі

АЛМАТЫ.KAZINFORM — Алматыда Сайран көлінің су деңгейін қысқы маусымға дайындық аясында төмендету жұмыстары жалғасып жатыр. Kazinform тілшілері оқиға орнына барып, суы тартылғаннан кейін танымал демалыс орнының қазіргі көрінісін көріп қайтты.

Алматыдағы Сайран көлі қысқы маусымға дайындалып жатыр: суы тартылған көлдің қазіргі көрінісі
Фото: Александр Павский\Kazinform

Қазір көл табаныныі басым бөлігі құрғап, сусыз қалған. Құрғаған аумақтан лайлы шөгінділер мен өсімдіктерді көруге болады.

Су айдынының қазіргі көрінісі әдеттегіден айтарлықтай өзгеше. Бұрынғы су бетінің орнында балшық, балдырлар мен су өсімдіктері қалған.

Алматыдағы Сайран көлі қысқы маусымға дайындалып жатыр
Фото: Александр Павский\Kazinform

Тілшілер көлдің суы сақталған шағын бөлігінен қалың өскен өсімдіктерді байқап, жағымсыз иісті сезді. Дегенмен бұл аумақта үйректер әлі де жүзіп жүр.

көл
Фото: Александр Павский /Kazinform
Сайран
Фото: Александр Павский /Kazinform
Сайран
Фото: Александр Павский /Kazinform

Сонымен қатар су мен көл түбінде лай мен қоқыс жиналған. Олардың арасында пластик және шыны бөтелкелер мен түрлі тұрмыстық заттар бар.

үйрек
Фото: Александр Павский /Kazinform

Көлдің көрінісі өзгергенімен, Сайран жағалауы қала тұрғындарының серуендейтін сүйікті орындарының бірі болып қала бермек. Әсіресе жастар мен студенттер көп.

көл
Фото: Александр Павский /Kazinform

Тау өзенінен келетін су өз арнасымен ағып жатыр. Көлді қайта толтыру кезінде шлюздер жабылып, су деңгейі біртіндеп көтеріледі.

Алматы
Фото: Kazinform
Сайран
Фото: Александр Павский /Kazinform

Бұған дейін Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасы бұл жұмыстардың қысқы маусымға дайындық аясында жүргізілетін жоспарлы шара екенін түсіндірді. Су деңгейін төмендету гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін қажет.

Сайран
Фото: Александр Павский /Kazinform

Еске салайық, 2023 жылы Сайран көлі 1971 жылдан бері алғаш рет тазартылды. Көл түбін лайдан, қамыстан және қоқыстан тазарту жұмыстары ақпаннан мамырға дейін жүргізілді. Бұған дейін жергілікті тұрғындар көл маңынан шығатын жағымсыз иіске жиі шағымданған еді. Жұмыс нәтижесінде көл табаны мен жағалауынан 142 мың текше метр лайлы шөгінді және 28 тонна қоқыс шығарылды.

Сайран
Фото: Александр Павский /Kazinform
Сайран
Фото: Александр Павский /Kazinform

Тазарту жұмыстарынан кейін Сайран қала тұрғындарының сүйікті демалыс және серуендеу орындарының біріне айналды. Көлден балықтар көрініп, жағалауда балық аулап жүрген аққұтандарды байқауға болатын. Мәселен, фотограф Дмитрий Доценко аққұтанның осман балығын аулап жатқан сәтін түсіріп алған.

жағалау
Фото: Александр Павский /Kazinform
жағалау
Фото: Александр Павский /Kazinform
көл
Фото: Александр Павский /Kazinform

Ал 2025 жылы Алматыда Сайран көлінің жағалауын абаттандыру жұмыстары аяқталды.

Аумаққа үш мыңнан астам ағаш пен үш мың түп бұта отырғызылып, 30 гектар жерге түрлі шөп тұқымдары себілді. Жағажай аумағын абаттандыру үшін 6,5 мың тонна құм төселді. Бұдан бөлек, екі құтқару станциясы, екі полиция пункті және бес қоғамдық дәретхана салынды.