21:34, 25 Маусым 2025 | GMT +5
Алматыдағы Сайран көліне тағы бір адам батып кетті
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Сайран көліне 48 жастағы ер адам батып кетті.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 25 маусым күні сағат 19:26-да сүңгуірлер 1977 жылы туған ер адамның денесін судан алып шықты.
Куәгерлердің айтуынша, марқұм мас күйінде тыйым салынған жерде суға түскен.
Осыған дейін республикалық жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері жасөспірімнің денесін судан алып шыққан болатын.
Ведомство өкілдері Сайран көлінде шомылуға қатаң тыйым салынғанын еске салды. Оның аумағында абаттандыру жұмыстары жалғасып жатыр.
Құтқарушылар Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарын су айдындарында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға, ескерту белгілеріне назар аударуға және өмір мен денсаулықты қорғауға шақырды.