Алматыдағы скверге Ататүрік атауы берілмек

саябақ
Фото: pixabay.com

Алматы қаласындағы атауы жоқ скверге Ататүріктің есімі берілуі ықтимал, деп хабарлайды Kazinform.

«Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Әл-Фараби даңғылының оңтүстігі, С.Сейфуллин даңғылының шығысы мекенжайындағы, «Халық банкі» мен «Almaty Theatre» ғимараттарының арасындағы атауы жоқ скверге «Ататүрік сквері» атауы берілсін», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған әкімдік пен қала мәслихатының бірлескен шешім-жобасында.

Құжат қала әкімі мен мәслихат төрағасы қол қойып, алғашқы ресми жарияланғаннан 10 күн өтіп күшіне енеді.

Шешім-жобасы 3 қарашаға дейін көпшілік талқылауда болады.

Қоса кетсек, бұған дейін Шымкент қаласының Еңбекші ауданының орталығында орналасқан саябаққа «Қазақстан-Түркия достығы саябағы» атауы берілуі мүмкін екенін хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар