Алматыдағы тау бөктерінде салынған ірі нысан бұзылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Мегаполисте құрылысқа, әсіресе таулы аймақтағы құрылысқа бақылауды күшейту жұмыстары жалғасып жатыр.

Крупный незаконный объект сносят в предгорье Алматы
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше,«Қорғаушы-Защитник» бау-бақша серіктестігінде (уч. 62/4 (98)) үш қабатты ғимарат рұқсат құжаттарынсыз салынған.

«Жобалық-сметалық құжаттамасыз, авторлық және техникалық қадағалаусыз,сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарламасыз бір учаскеде үш қабатты және бір қабатты күрделі құрылыстар тұрғызылған.Нысан сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлескен жұмыс барысында анықталды»,- деп хабарлады басқармадан.

2024 жылдың 19 шілдесінде басқарма жер учаскесінің иесіне (жеке тұлғаға) заңсыз құрылысты бұзып, жер телімін бастапқы қалпына келтіру туралы нұсқама берген..

Нұсқама талаптарын орындау мақсатында нысанның иесі ғимаратты өз еркімен бұза бастады.

Осыған дейін Алматының тау бөктерінде заңсыз салынған 28 нысан бұзылғаны туралы жазған едік. https://kaz.inform.kz/news/almatinin-tau-bokternde-zansiz-salingan-28-nisan-buzildi-942c21/

Сондай-ақ Қала құрылысын бақылау басқармасы Алматыда сатып алуға ұсынылмайтын тұрғын үй кешендерінің тізімін жариялаған болатын. 

Соңғы жаңалықтар