Алматыдағы іздеу салынған ер адамның денесі өзеннен табылды

Алматы полициясы 29 қарашада үйінен шығып, қайта оралмаған ер адамның денесін тапты, деп хабарлайды Kazinform.

полиция
Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

Бұған дейін Алматының еріктілері жоғалған ер адам жайлы ақпаратты әлеуметтік желіге салған еді. 

Алматы қалалық полиция департаменті жедел іздестіру іс-шарасы барысында ер адамның мәйіті табылғанын хабарлады. 

«29 қарашада үйінен шығып, қайта оралмаған 1989 жылы туған Тимур Попов есімді азаматтың мәйіті табылды. Жедел-іздестіру тобы жедел түрде ер адамның жүру бағытын анықтады. Ол таксимен Талғар қаласына барған. 7 желтоқсан күні сағат 11:00-де полиция қызметкерлері жоғалған азаматтың әйеліне телефон арқылы «SOS» дабылын жіберген жерден 1,5 шақырым жерде орналасқан «Талгарка» өзенінің арнасына тексеру жүргізді. Нәтижесінде суға кеткен ер адамның денесі табылды», - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Адам өлімінің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазір оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр. 

Соңғы жаңалықтар