Алматыдағы жаппай төбелес: Полиция қылмыстық іс қозғады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Жаңа жыл түні Алматыда төбелес болды, полиция бұзақылық бабы бойынша іс қозғады.
Төбелестің видеосы желіде тарады.
Полиция департаментінің мәліметінше, Жаңа жыл түні Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінде оқитын шетелдік студенттер арасында дәмханалардың бірінде жанжал шығып, ол жаппай төбелеске ұласты.
Алты қатысушы ұсталып, Медеу аудандық полиция басқармасына жеткізілді.
– Олардың әрқайсысының әрекетіне құқықтық баға беріледі. Олардың бәрі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр,– деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Бүгін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Алматыда жанжал шығарған 6 үндістандық студент депортацияланатынын жеткізген еді.
Осыған дейін Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне жақын маңда жаппай төбелес болғаны туралы жазған болатынбыз.