Алматыдағы ЖЭО газға көшіру мәселесі қалай жүргізіліп жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM –  Алматыдағы ЖЭО газға көшіру 2026 жылы аяқталады. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев  айтты.

ЖЭО
Фото: Алматы әкімдігі

Энергетика министрі жобаны іске асыру екінші жылу электр орталығында зиянды заттардың шығарындыларын жылына 37,3-тен 2,7 мың тоннаға дейін төмендететінін атап өтті.

– Қазіргі уақытта жоба бойынша жобалық-сметалық құжаттама бойынша инженерлік-іздестіру жұмыстары аясында құрылыс алаңының геологиялық барлау жұмыстары жүргізілді. Бірінші кезеңдегі барлау жұмыстары және екінші кезеңдегі барлау жұмыстары аяқталды. Релелік қалқан ғимаратына қадаларды құю жұмыстары аяқталды. Ыстық су қазандығы ғимараттарының астына қадаларды орнату/құю жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деді ол.

Айтуынша, жобаның құны мемлекеттік сараптама қорытындысы бойынша 388 млрд теңге. Екінші жылу электр орталығын толық газға көшіру 2026 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр. 

ЖЭО
Фото: ҚР Энергетика министрлігі

– Алматының бірінші жылу электр орталығын ауыстыру жобасы жалпы қуаты 250 МВт-қа дейін бу-газ қондырғыларын орнату арқылы станцияны кеңейтуді көздейді. Бірінші жылу электр орталығының газбен жұмыс істеп тұрғанын ескере отырып, жобаны кезең-кезеңімен жүзеге асыру нұсқасы қарастырылады. Екінші және үшінші жылу электр орталықтарының жобалары аяқталғаннан кейін жалпы қуаты 225 МВт болатын екі бу-газ қондырғысының құрылысының белсенді кезеңін 2027 жылы бастау жоспарланып отыр. Үшінші жылу электр орталығын ауыстыру жобасы жалпы қуаты 450 МВт бу-газ қондырғыларын орнату арқылы станция кеңейтіледі, – дейді министр.

Жобаның мақсаты – Қазақстанның оңтүстік аймағындағы маневрлік қуат тапшылығын ішінара жабу үшін қуаттылығы 544 МВт-қа дейінгі бу-газ қондырғыларын салу арқылы Алматы үшінші жылу электр орталығын қайта құру.

Осыған дейін Президент Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдағаны туралы жазған едік. 

Биыл қыркүйек айында Алматы-Байсерке-Талғар» магистралды газ құбыры екінші тармағының құрылысы аяқталған болатын. 

Соңғы жаңалықтар