Алматыда жер сілкінген кезде зардап шеккендердің қазіргі жағдайы қалай

аурухана
Фото: Freepik

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматылық дәрігерлер жер сілкінісі кезінде зардап шеккендердің қазіргі жағдайын айтты.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жер сілкінісі кезінде зардап шеккен үш ересек адам барлық қажетті медициналық көмек алып жатыр.

«Үш науқас қалалық жедел шұғыл көмек ауруханасында емделіп жатыр. Біреуінің халі ауыр, екеуінің жағдайы орташа. Барлық сырқат толық көлемде қажетті медициналық көмек алады», — деп хабарлады басқармадан.

Сондай-ақ балалар жедел медициналық көмек көрсету орталығында 4 бала емделіп жатыр. Олардың жағдайы орташа, бірқалыпты.

Қаңтардың 22-нен 23-іне қараған түні алматылықтар қатты жер сілкінісін сезінді, салдарынан түрлі жарақат алған 67 адам медициналық көмекке жүгінген еді. 

Соңғы жаңалықтар
telegram