17:22, 04 Наурыз 2024 | GMT +5
Алматыдағы жер сілкінісінен бір адам зардап шекті
АСТАНА7 KAZINFORM - Алматыда болған жер сілкінісі салдарынан 18 жастағы қала тұрғыны зардап шекті.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан атап өткендей, 18 жастағы қала тұрғынына балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында барлық қажетті көмек көрсетілді.
«Емдеу мекемесіне жеткізілген адамға оң аяқ табан буынының соғылуы және созылуы диагнозы қойылды. Науқас тұрғылықты жері бойынша емханаға амбулаторлық емделуге жіберілді», - деп хабарлады басқармадан.
Еске салайық, бүгін Алматыда 5 балдық жер сілкінісі болды.
Алматы әкімдігі барлық жиналу пункттері ашық екенін мәлімдеді.
Алматы полициясы күшейтілген режимге ауысты.