Жер сілкінісінен республикалық маңызы бар автожолдарға еш зақым келген жоқ
АСТАНА. KAZINFORM – Алматы қаласында болған жер сілкінісінен кейін, яғни ағымдағы жылдың 23 қаңтарына қараған түні «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ қызметкерлеріне түскен сигналдан соң жолшылар шұғыл әрекет етті - деп жазады KazAvtoJol.
ҚазАвтоЖолдың Алматы, Жамбыл Жетісу облыстарындағы филиалының мамандары республикалық маңызы бар күре жолдар мен көпірлерді шұғыл тексеріп шықты.
Тексеру нәтижесі бойынша республикалық маңызы бар автожолдардар мен көпірлерде ақау тіркелген жоқ.