23:10, 17 Қаңтар 2025 | GMT +5
Алматыдан 220 шақырым жерде жер сілкінді
АЛМАТЫ. KAZINFORM - ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 17 қаңтар сағат 22:08 жер дүмпуін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Қазақастан аумағында Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 220 км жерде жатыр.
Есептік қарқындылығы:
Жетісу облысы Панфилов ауданы, Жаркент қаласы - 2 балл;
Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы - 2 балл.
- Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ, - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Алматыдан 109 шақырым жерде жер сілкінгенін жазғанбыз.
Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстанда, Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 109 шақырым жерде жатыр.