Алматыдан Jibek joly 2.0 туристік пойызы жолға шықты

АЛМАТЫ. KAZINFORM — «Алматы-2» вокзалынан Jibek joly туристік пойызы жолға шықты.

Алматыдан Jibek joly 2.0 туристік пойызы жолға шықты
Фото: Досбол Атажан/Kazinform

Қазақстан мен Өзбекстанның көрікті жерлеріне жол тартатын пойыз алғаш рет 2024 жылдың қараша айында іске қосылды. Бүгін Jibek joly туристік пойызы Алматыдан екінші рет сапарға аттанып отыр. Пойыз «Алматы — Түркістан — Ташкент — Самарқанд — Шымкент — Алматы» бағыты бойынша жол жүреді. Тур 5 күнге созылады.

пойыз
Фото: Досбол Атажан/Kazinform

Еске салайық, бұл жоба Мемлекет басшысының туризмді дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының ұйымдастыруымен жүзеге асырылды. Жобаны дамытуға ҚР Көлік министрлігі, Туризм және спорт министрлігі, Алматы қаласы мен Түркістан облысының әкімдіктері, сондай-ақ, «Өзбекстан темір жолдары» компаниясы серіктес ретінде үлес қосты.

пойыз
Фото: Досбол Атажан/Kazinform

Бұған дейін алғашқы сапарда 115 саяхатшы болғанын жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар