Алматыдан Мәскеуге тікелей баруға болады

АСТАНА. KAZINFORM – Мәскеу мен Алматының арасында 26 қазаннан бастап тікелей теміржол бағыты ашылады.

поезд
Фото: "Жолаушылар тасымалы" АҚ

№ 7/8 «Алматы-Саратов» пойызының құрамындағы вагондар Саратов станциясына дейін барады. Одан кейін вагондарды «Дербент - Мәскеу» бағытындағы № 85/86 бағытына жалғап, Мәскеуге жөнелтеді.

- Мәскеуге тікелей баратын «Алматы-Мәскеу» бағытындағы вагондар күнара жүреді және олар бір купелік және бір плацкарт вагоннан тұрады, - деп нақтылады «Жолаушылар тасымалы» АҚ өкілдері.

Жолаушылар үшін билеттер онлайн түрде қолжетімді болады.

Осыған дейін пойыз бен ұшақ билетінің бағасы өзгеретіні туралы жзадық.

 

Соңғы жаңалықтар