Алматылық альпинистер құтқарушыларды экстремалды жағдайларда жұмыс істеуге үйретеді

АЛМАТЫ. KAZINFORM - 2024 жылдың 5 қыркүйегі мен 1 қазан аралығында «Тұйық-Су» альпинистік лагерінде Республикалық жедел-құтқару отрядының құтқарушыларына «Бастапқы дайындық» бағдарламасы бойынша оқыту жұмыстары өткізіліп жатыр. 

Алматылық альпинистер құтқарушыларды экстремалды жағдайларда жұмыс істеуге үйретеді
Фото: Алматы әкімдігі

Құтқарушыларды оқыту Алматы қаласының альпинизм федерациясының тәжірибелі ұсқаушыларының жетекшілігімен жүргізілуде. Жобаны ұйымдастырушы – Алматы қаласының туризм басқармасы.

– Оқу бағдарламасы құтқару операцияларының негізгі принциптері мен әдістерін меңгеруге, сондай-ақ төтенше жағдайларда ұйымдастыру және басқару дағдыларын дамытуға бағытталған теориялық және практикалық сабақтардан тұрады, - деп хабарлады әкімдіктен. 

Теориялық дайындық барысында құтқарушылар құтқару операцияларын жоспарлаудың негізгі аспектілерін, тәуекелдерді бағалауды, арнайы альпинистік құрал-жабдықтарды қолдануды және таулы жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсету техникасын үйренбек. Практикалық дайындық нақты таулы рельеф жағдайында 1-2 күрделілік деңгейіндегі Іле Алатауының классификацияланған альпинистік маршруттарында 3-разряд нормативін орындау арқылы өтеді.

Еске салайық, бұған дейін Алматы құтқарушыларының ескірген аяқ-киімге шағымы туралы жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар