Алматылық дәрігерлер 6 келі миоманы әйел жатырынан алып тастады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының гинеколог дәрігерлері өте ауыр жағдайда ауруханаға түскен 48 жастағы науқасқа жатыр миомасы диагнозы бойынша сәтті ота жасады.

Алматылық дәрігерлер 6 келі миоманы әйел жатырынан алып тастады
Фото: Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы / Kazinform

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының баспасөз қызметі мәлім еткендей, науқас бірнеше жыл гинеколог дәрігерге қаралмаған және ішінің ұлғаюына назар аудармаған.

Медициналық көмекке денсаулығы нашарлағанан кейін ғана жүгінген. Отаны тәжірибелі гинеколог дәрігерлер Риза Керемқұлова, Ажар Амангелді және Дархан Молдабек жасады.

– Операция барысында біз салмағы 6 келі болатын жатыр миомасын алып тастадық. Қысылып қалған ішкі ағзаларды босаттық, ілеспе жабысқақ түзілімдерді алып тастадық, - деді гинекология бөлімшесінің меңгерушісі Риза Керемқұлова.

Операция міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында жасалды. 

Дәрігерлер әйелдер жылына мінедетті түрде екі рет гинекологқа қаралу керектігін еске салады. 

Осыған дейін Алматы қаласының №2 қалалық перинаталдық орталығында үшемнің дүниеге келгені туралы жазған едік.

Соңғы жаңалықтар