Алматылық дәрігерлер бес күнде отыз күрделі операция жасады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтынының дәрігерлері ресейлік әріптестермен бірлесіп күрделі жүрек ырғағының бұзылуын емдеуге арналған құрылғының көмегімен операциялар жасап жатыр. 

ота
Фото: Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ

«Біз алыс және жақын шетелдердің көптеген медициналық орталықтарымен және клиникаларымен ынтымақтастықтамыз. Жетекші ресейлік маманмен бірлескен операциялар жүргізе отырып, ҒЗИ дәрігерлері үлкен тәжірибе алуда. Сергей Николаевич жүрекше фибрилляциясы бар емделушілерде радиожиілікті катетерлік абляция процедурасының тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін әдіснамалық тәсілдерді әзірледі. Бұл әдістер халықаралық және ұлттық клиникалық ұсыныстарға енгізілді. Профессор Артеменкоға операцияларды кәсіби қолдағаны үшін алғысымды білдіргім келеді», - дейді институттың басқарма төрағасы Марат Пашимов.

Аптаның соңына дейін жүрекшелер фибрилляциясы және басқа да күрделі эктопикалық ошақтары бар науқастарға ота жасалады. Еліміздің басқа клиникаларында бірнеше рет қайталап ота жасалған науқастар бар.

Мәселен, күрделі аритмиямен 63 және 54 жастағы екі науқасқа операция жасалды. Олардың екеуі де қозғалмаса да сезілетін жүрек соғысының жиілігі, физикалық жүктеме кезінде ентігу, жалпы әлсіздікке шағымданды.

Тексерілу барысында олардың аритмияның патологиялық ошақтары жүректің өткізгіш жүйесінде онымен «қауіпті» жақындықта орналасқаны анықталды.

Медицина мамандарының жоғары біліктілігінің, жоғары технологиялық жабдықтың және пациенттерді тиісті даярлаудың арқасында операциялар сәтті өтті.

Клиниканың аритмологтары шетелдік әріптесінің бақылауымен әр түрлі жастағы күрделі жүрек аурулары бар науқастарға бес күнде 30 операция жасады.

Соңғы жаңалықтар