07:30, 05 Желтоқсан 2024 | GMT +5
Алматылық дәрігерлер өкпе қатерлі ісігіне шалдыққан зейнеткерді аман алып қалды
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы онкология орталығының дәрігерлері өкпенің қатерлі ісігі диагнозы қойылған 72 жастағы қарияға операция жасады.

Орталықтың онкологы Рүстем Ирсалиевтің айтуынша, компьютерлік томография науқастың өкпесінде көлемі 10 см болатын үлкен қатерлі ісік барын көрсеткен.
– Ісік жұмсақ тінде болды. Кеуде хирургиясындағы мұндай араласулар техникалық жағынан ең күрделісі. Зейнеткерге радикалды ота жасалды — торакотомиямен жоғарғы лобэктомия, — Рүстем Ирсалиев.
Үш сағатқа созылған ота сәтті өтті.
— Алдағы уақытта гистологиялық зерттеу нәтижелері негізінде біз химиотерапия жүргізетін боламыз,– деді ол.
Осыған дейін алматылық дәрігерлер 6 келі миоманы әйел жатырынан алып тастағаны туралы жазған едік.